Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  84


Автор: Айнахан Есетова

Cам шаһары

Өркениет түп- тамыры - тұрақ тауып көмбеден,
Обалардан шырақ тауып, қараормандай ой терем.
Тас қалада тыныстайды ұлысымның көсемі,
Кебенегін оранып - ап, асыл, алтын теңгеден.
Сенім Кәміл жол ашқандай ақ пейіштей үмітке,
Адыра қап көкейімді табалаған күдік те.
Тұп –тұқиан шежіремнің тауып алдым бастауын
«Ақпан» атты үйіктен.
Тақ та қалған, бақ та қалған. Өтер кезде» сызықтан»
Ай сәулетті «Сам» шаһары сан жаһангер қызыққан.
Жібек жолы, жібек бұйда байлағанда түйесін,
Гөзел қыздың күзесі –ау бұл, жаусыз –жәлем, ұмытқан.
Жібек жолы жібек өрнек ирек-ирек құмдағы,
Алтын діллә теңгеме ұқсас, саудагердің динары.
Ай қондырған мұнаралы, айшықталған қақпасы,
Табанымның астындағы топырақты Шаһ басып.
Алтындаған сарайымның босағасын аттасып,
Таң тамаша таңдай қағып бас шайқасқаған мақтасып.
Талай бектер ғафыл кеткен «Самның» сырын таба алмай,
Құба дөңді, қиян жұртта тағат тауып қала алмай.
Асыл мұрам, түпкі тегім, осы арадан басталған,
Жаңа ғасыр аршып жатыр бағзы бақи баянды –ай.
Сырын ашты саф асыл дүр, сары шекпенді Бабақұм,
Керуен сарай Белдеулі бұл, шаһарым һәм қамалым.
Озалғы Орда Отанымның осы арада орыны,
Иншалла енді, Баба Тарих жұмбағыңды табамын.
Ажыратып болашағын ертегі мен елестен,
Қырдағы ел төр жаңартып азан –қаумет кеңескен,
Келісімді, ер ісіңді айтпай кетсем маған серт,
Тарихтағы тартуыңды шығармайды ел естен!
Бұл Бейнеуде менің ағам, ақ дұғасы қабыл ер,
Қайта жайлап қам жасайды қабырғалы қалың ел!
Шайыр біткен шерлі жырын, зерлі жырын арнаған.
Жаңа үйлерде жарқырайды жаңа шамын шағып кәміл ел!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу