Өлеңдер ✍️

  08.08.2022
  86


Автор: Балта Қосбармақ

Өмір жолын бастадым мен...

Өмір жолын бастадым мен,
Күлді Арман,
Мені жаңа жолдар күтіп тұр алдан.
Мен батпаймын тартсаң да, өмір, тереңге –
Үмітім бар сенімдермен шындалған.
Сенімім бар үміттермен нұрланған –
Құламаймын итерсең де шыңдардан.
Ақ арманмен алға аттаған әр жанға
Өмір сүру емес шығар арзан да.
Сүрінсем де, өзіме артам кінәмді –
«Қайралмаған үміт, сенім, арманға,
Қатыгез» деп,
«Қапияда соқты» деп,
Өмір, сені баламаймын қанжарға...


...Жан сырымды жайды өлеңім бар маңға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу