08.08.2022
  131


Автор: Өмірзақ Озғанбай

Алты Алаштың ардағы

 


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050 стратегиясында 40 жылға жуық мерзімді қамтитын міндеттердің қатарына тарихи сана мен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын және бүгінгі қазақ жастарына үлгі қалыптастыру міндеті туралы проблемаға жіті назар аударғаны мәлім. Осы орайда Алаш ардагерлерінің өмірі мен қызметі қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпақтарын тәрбиелейтін таусылмас қазына.


Ірі мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, лингвист, түрколог-ғалым, ақын, аудармашы, «Қазақ» газетінің (1913-1918 ж.) ұйымдастырушысы, әрі бас редакторы, сталиндік қуғын-сүргін құрбаны (1872-1938 ж.) Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысының Сарытүбек деген жерінде (Торғай уезінің Тосын болысының № 5 ауылы, қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы ауылы) дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикасына сай қолдануды тұңғыш практикаға енгізді. Ол ұлттық әліппеге реформа жасап, өзгеріс енгізіп, қазақ тілі білімінің терминдерін алғашқы болып қалыптастырып, ғылыми негізін салып берді. Бұл іргелі зерттеулер бірнеше оқулыққа арқау болып, кезінде өз замандастары тарапынан лайықты бағасын алып қана қоймай, күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл жазу өткен ғасырдың 10-жылдарынан бастап, 20-жылдардың соңына дейін Қазақ мәдениетіне, оқу-ағартуына қызмет етті. А.Байтұрсынұлы әліпбиі күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Қытай Халық Республикасы, Ауғаныстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графикамен шығаруда.


Белгілі ғалым Рабиға Сыздықова Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған «жаңа емле» 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, қазақ-орыс мектептерінде қолдана бастағанын жазған.


Осынау жүйелі графика 1924 жылы ресми қабылданды.


Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ-демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі.


Отандық ғалымдарымыз ХІХ-ХХ ғасырды қазақтың жаңа мәдениетке бет бұрған кезеңі дегенге тоқтайды. Міне, осы тұста ұлт


 


ұстыны болған үш тұлға ерекше көрінді. Олар Абай, Ахмет, Мұхтар еді. Ұлттық руханиятымыздың үш алыбы – ұлт мақтаныштары.


Абайды «қазақтың бас ақыны» деп қазақ қауымына жар салған. Ахмет Байтұрсынұлы болса, Мұқтар Әуезов өз кезегінде Ахаңды «ұлт көсемі» деп бағалады. Мұқтар Әуезов әлемдік әдебиеттің таңдаулы жүз томдық алтын қорына қос том қосып, қазақ халқының атын аспандатты. Сондықтан да олар ұлт мақтанышы, халқымыздың рухани мұраларын қалдырған ұлтжандылар еді.


Иә, жарық дүние есігін ашқанына биыл 140 жыл толған алты Алаштың ардағы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық, қоғамдық қызметі бүгінгі және келер ұрпағымыз үшін сарқылмас қазына, өшпес өнеге. Себебі – Ахаң ұлттық тарихымызды жаңғыртып өткен Алаш қозғалысының бастаушыларының бірегейлері, ардагерлерінің кесек тұлғасы болып, халқының санасында мәңгі қалған заңғарымыз.


Жақында жолым түсіп Ақтөбе облысында Алға ауданында болып қайттым. Шамамен 120 жылдай бұрын Ақтөбе уезі Батпақты болысының дәулетті азаматы, болысы Ахметкерей Қосуақов өз балаларын, ауылдастарының балаларын оқыту үшін арнайы кісі жіберіп, Орынбор қаласынан мұғалім алдырды. Ол еңбек жолын осы ауылдан бастаған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Бұрынғы ескі мектептің орнына тұрғызылған екі қатарлы мектеп, бүгін де Ахмет Байтұрсынұлы атында. Білімге, ғылымға құштар А.Қосуақов кейін


«Алаш» қозғалысының қайраткерлерінің бірі болды.


Сөз жоқ, Алаш партиясы, кейін Алашорда үкіметі ұйымдасудың бастапқы кезеңінде оның негізін қалап жүрген жетекші-басшылары арасында әртүрлі мәселелер төңірегінде айтыс, әрқилы көзқарастар болмай қалмаған.


Мысалы, 1926 ж. Бакуде халықаралық конференция да қазақ әліпбиі туралы мәселе талқыланғанда Ахмет Байтұрсынов төте жазуды, Нәзір Төреқұлов латын әрпін ұсынып, латын әрпі қабылданады. Бірақ ұлылар бір-біріне тоң теріс болып, менің ұсынысым өтпей қалды, сенің ұсынысың өтіп кетті деген сияқты пендешілікке, өкпе танытушылыққа жоламады. Керісінше, кейін Нәзір Төреқұлов Мәскеуде «Темірқазық» журналында редактор болып жұмыс жасаған кезде Мағжан, Ахмет туындыларын, шығармаларын журналда жариялап отырған.


 


Мерзімді баспасөз бетінде көтерілген қоғамдық пікірге құлақ асып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына орай бұрмаланған тарихи шындықты қалпына келтіру мақсатымен қазақ азаматтарының аты-жөніне кезінде орынсыз телінген -ов, -ев, -ич сияқты жұрнақтарының ұлттық болмысымызға тән еместігін ескеріп, алып тасталынды. Бұл жанға тиетін жайсыз мәселені заманында Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған арыстарымыз «Қазақ» газетінің бетінде тұңғыш рет көтеріп, кеңес дәуірінің ілкі жылдарында-ақ ата-баба дәстүріне сәйкес ныспымыздың жазылу, айтылу тәртібін заңдастырған еді. Өкініштісі, кейінгі үстемдік еткен тоталитарлық билеп-төстеу жүйесі орыстан басқа ұлттар мен ұлыстардың ерекшелігімен санаспай әкімшілік-тұқыртушылық әдіспен өз ыңғайларына күштеп көндіргені баршаға мәлім.


Тәуелсіздік алғанымызға жиырма бір жылдан асса да, бодандықтан батпандап кірген белгісі мысқалдап шығып жатқаны түсінікті. Әйтсе де аты-жөніміз аталған сайын санаға сіңген ен- таңбадай әлі күнге дейін ескі сарқыншақтың қалмай келе жатқаны анық.


Қазақ тарихында кісі есімі қысқартылып, оның бірінші әрпімен бейнеленіп жазылмайтын. Мысалы, кеңес дәуірінде М.Тынышпаев сияқты жазылып келген кісінің аты-жөні қайтадан қарауды қажет етеді. Әр кезде де кісінің азан шақырып қойылған аты толық айтылатын, яғни, Мұхамеджан Тынышбайұлы.


Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы секілді Алаш арыстары 1924 жылы қазақ «ов», «ев» емес, «ұлы» деп жазу жөнінде қаулы қабылдатып, дұрыс бағыт сілтеген болатын.


Өткен ғасырдың басында ежелден бастау алған «Алаш» ұғымы ұлт зиялылары арқасында халықты біріктіретін азаттық идеяға айналды. Қазақтың оқыған азаматтары «Алаш» атауының мағынасын алғашқы рулық ұраннан мемлекеттік идеяға дейін көтерді. Алаш – түрлі аңыздарда, қазақ пен Алаш ханның, ежелгі түркі руларының аңызға айналған ата-бабаларының атынан туындаған атау. Қазақ тарихында Алаш атауы этникалық бірлік түсінігі, жалпы қазақтың ұраны, соғыс ұраны да болған.


Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы айтқан мына пікірі:


«Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп


 


керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» бүгін де күн тәртібінен түскен жоқ.


 


Қазан төңкерісі алдында 1916 ж. «Айқап», «Қазақ», «Дала уалаяты» секілді басылымдарда Ахмет Байтұрсынов «Әлһәмдүлла 6,5 млн.қазақпыз» десе 1945 жылы (29 жылдан соң) сол қазақтың 1,7 млн. қалған еді. Сол қарқынмен өсе бергенде 2000 ж. қазақтың саны 26 млн. жеткен болар еді.


Ұлы ұстаздың бұдан 100 жыл бұрынғы айтқан ойлары бүгінде құндылығын, актуалдығын жоймаған. Мысалы:


Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың ұлтшылдығы – өзін-өзі қорғап қалуға әрең жететін ұлтшылдық» деп түйген.


Белгілі Қазақстан жазушысы Г.К.Бельгер: «Көңілдеріңізге келмесін шындығын айтар болсам қазақтың ұлтшылдығы орыс ұлтшылдығынан, я болмаса немістікінен әлдеқайда төмен» деп Ахаңның жоғарыда келтірілген пікірін бүгінгі күн тұрғысынан да дәлелдеп отыр.


 


Әділдігімен, парасаттылығымен қиын сәттерде жол тауып, халықты соңынан ерте білген, шаршы топта сөз бастап, түрлі тартыстардан сүрінбей шығатын шешендердің беделі қашан да жоғары болған. Ахмет Байтұрсынов ділмар даналардың қазақ қоғамында алар орнына: «Әділ билердің қолындағы билік – қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді»,- деген сипатта баға берген. Қандай тамаша, әдемі баға!


 


Ахмет Байтұрсынұлы: «...Әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі,»-деуі оны ірі философ деңгейінен көрсетіп отыр. Бүгінгі тәуелсіз ел өзінің жастарды оқыту, тәрбиелеу істерінде ұлы ұстаздың осы пікірлерін басшылыққа алған, не болмаса ұстаздың ұлы пікірі бүгінгі осы саладағы саясатымызбен үндес. Мектеп жасына дейінгі барлық балаларды «Балапан» бағдарламасымен толық қамтып, білім беру саласын дамытудың 2011-2020 жылдары қамтитын Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  оқыту,  тәрбие  істерін  жаңа  сатыға  көтерері  даусыз.


«Болашақ» бағдарламасы арқылы дүниежүзінің жетекші университеттерінде 8 мыңнан астам Қазақстан жастары маман болып елге оралды. Назарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік


 


мектептері     білімді    импорттауға     ғана    емес,    экспорттауға     да мүмкіндік береді.


 


Ұстаз болу қашанда оңай болмаған. Сондықтан да Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаш жиналса, мұғалімге жол берілуі тиіс» деуі, тегін болмаса керек. ХІХ ғ. Қостанай, оның ішінде Торғай өңірі қазақтың біртуар ағартушылары жинақталған киелі жеріне айналды. Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шоқан Уәлихановтарды қалыптастырған осы Ұлы дала қазақтың ұлттық мектебі рөлін атқарды.


 


Мына проблемаға назар аударған жөн, мемлекеттік құрылымға қатысты Бөкейханов пен Шоқайдың көзқарасы екі түрлі еді. Бөкейханов «ұлттық мемлекет құрамыз» деді, ал Шоқай болса, Орта Азиядағы түркі халықтарының басын біріктіру идеясын жақтады. Бірақ екеуінің де көздеген мүддесі бір еді. Ұлтты көтеру еді.


«Рухты оятқан «қазақ» атты мақаласында филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес, былай дейді: Биыл Алаштың үні, тарихтың көзі – «Қазақтың» 100 жылдығы. Жалпы,


«Алаш» пен «Алашорданың» да ғасырлық тойы жақындап келеді. Олардың ұлт алдындағы ұлағатты істерін ұлықтау – елдігімізге сын.


Кейбір зерттеушілеріміз «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті басшылары  арасында  саяси  пікірталас  болды,  бірі  жаңа


«батыстық», екіншілері ескі «түрікшіл» бағытты ұстанды деп, мәселені тым қоюлатуға құмар.


Әрине, басқосу – съезд өткізбек, отырықшы болу – нормамен жер (надел) алмау, қара жұмысқа жігіттерді жіберу, жібермеу, қазақ жазуын (емлесін) өзгерту, өзгертпеу және басқа мәселелер бойынша айтыс, әртүрлі көзқарастарды талқылау болғаны шындық. Бірақ бұл екі бағыт, екі партиялық көзқарастың (ол кезде бірде-бір партия құрылып та үлгерген жоқ қой) күресі емес, сол тұстағы қоғамдағы түрлі қайшылықтардың жарияға шыққан формасы ғана болатын.


Орынборда «Алаш» партиясының Торғай облыстық комитеті құрылғанда оның басшылық құрамына Әлихан, Ахмет, Міржақыптармен бірге сайланып, Жанұзақ Жәнібеков қазынашы (казначей) болады.


 


 


еді.


 


Бұл орта қазақтың оқыған жастары топтасқан, ерекше мектеп


 


Былайша     айтқанда      алашордашылар     басшылары     өздері


 


мұрындық болған ұлттық ұлы істі шебер де бірлесе жалғастырды.


Бұған баға беру үшін Түркия, Қытай, Индияны алыңыз. Бұл мемлекеттерде ұлт-азаттық қозғалыстар барлық тарихи даму ісі оның барлық сатысынан өтті. Қозғалыстың басында, қасында болған тұлғаларды атып тастаған жоқ. Бір буынның идеясын екінші, үшінші буын жалғастырды. Ал бізде ше? Тек ХХ ғасыр белестеріне шолу жасайық. Сол тұстары буын бас көтеріп еді, бәрін атып тастады. Алашордалықтарды Мағжан Жұмабаев «Алтын айға қол созғандар» дейді. Олар он бес жылдың ішінде ұйықтап жатқан халқын оятты. Қазақтың рухани әлеміне сілкініс жасады. Зиялының негізгі қызметі – ұлтына өзін-өзі танытуды үйрету. Ұлттың алдында тұрған міндеттерді айқындап беру. Алаштықтар өз міндетін абыроймен орындады. Патша өкіметінің большевиктерге қарағанда, мәдениеті жоғары екен. Патша өкіметі зиялыларымызды қудалады, бірақ бәрін атып тастаған жоқ қой. Ал большевиктердің интеллектуалды деңгейі төмен еді. Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысын бастаған зиялыларындай тұлғалар өзбекте де, қырғызда да болған жоқ. Большевиктер билік басына келген соң, Қазақстанды орыс пен еврей, армян мен грузин басқарды. Бұл туралы Байтұрсынов ашынып, Ленинге хат жазды. Аталмыш хатында: «Халқының бақыты үшін, өлімге басын тіккен қазақтың зиялылары бар. Олар орыстың абақтысын көрген, орыс тілін біледі. Қазақты солар арқылы басқарыңыз» деп тілек айтты.


Бұндай батылдық пен ерлік тек қана Ахмет Байтұрсынұлы сияқты алыптарға жарасатыны айтпаса да түсінікті ғой.


 


Қазіргі ХХІ ғасырда мидай араласып кеткен дүниеде, ЕуроАзия, мұхиттың арғы беті келім-кетімдері барған сайын көбейіп, оқу-білім іздеген жастар дүниенің төрт бұрышын кезу шағы туса, ол жастарға тәрбие беруде жаңа міндеттер қоюда. Сондайда ұлт ұлылары өмірінен ғибрат алу бірінші орынға шығуда. Соның бірі, өзге ұлт өкілдеріне үйленген жастарға байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы сынды ұлылар өзге ұлттан әйел алса да оларды қазақ ұлтының тілі мен ділінде сөйлетіп, қазақтың дүние-танымына мойын ұсындырып, қазақ еріне лайық қасиеттерін сақтай алды.


 


«Ақ көйлек тозбайды екен кең болған соң, Екі жас ойнайды екен тең болған соң.


Сырымды саған айтпай кімге айтайын,


Қасымда жан жолдасым сен болған соң...». Ұлт ұстазы, қазақ халқының төлқұжатындай тұлға Ахмет Байтұрсыновтың өлеңіндегі осы бір шумақты Торғай өңірінің көнекөздері Ахаң ақталмай тұрып-ақ сыбырласып айтып отырады екен. Мұны Ахаң өзінің асыл жары орыс қызы Александра Ивановнаға-некеден кейін Бадрисафа Мұхамедсадық қызына арнап айтқан деген әңгіме ел аузында осы күнге дейін айтылып жүр. Бадрисафа Алла қосқан, асыл азаматы өмір бойы пір тұтып, «мырзам» деп атаумен қадірлеп өткен адалдық пен пәктіктің ұрпаққа үлгі-өнегесі болып қалады.


Бадрисафаға үйленген соң, елге алғаш келгенінде, Торғай аумағының бас молдасы Науан қазірет бастаған бір топ ел ақсақалдары ұлты басқа адамға неге үйлендің деген реніш білдірсе керек. Сонда, қайран Ахаң табан астында шығарып, мына өлең жолдарын айтыпты:


Мына отырған Александар Ивановна, Ризамын Құдайдың маған қиғанына. Бір қазақ бір кәпірді мұсылман қылса, Татиды он қазақтың иманына!


Ахаңның өз жарына Бадрисафа деген есімді таңдауында да үлкен мән жатса керек-ті. Бадрисафаның арабшадан аударғандағы түсінігі  –  «толған  айдай  аппақ»  деген  ұғымды  береді  екен.


«Бәдрун» – толған ай, «Сафа» - кіршіксіз таза». Қасиетті кітабымыз Құранда жақсы ат қоюға ерекше мән берілген.


Бір-біріне мәңгілік серік болуға уәде берген екі жас ұлттық айырмашылық пен дінге өзгешілікті де келісіммен шешіп, ортақ мәмлеге келіпті. Азаматтың азаматтығын бағалай білген Александра құдай қосқан өмірлік жарын шын сүйетінін танытып, мұсылман дінін қабылдап, аты-жөнінде өзгертіп, некесін мешітте қиюға келісім беріпті. Ахаң жарына жоғарыда аты аталған Мұхамедсадықтың Бадрисафа деген қызының атын беріп, Бадрисафа Мұхаметсадыққызы Байтұрсынова деп жаздыртыпты. Сөйтіп ақ некесін мешітте қиған жарымен ұзақ та тату-тәтті өмір сүруді жоспарлаған екен.


Троицкідегі мешітте некелерін қидырған соң, Ахаң Бадрисафаны Зейнолла ишанның мешітінде мұсылманша тәрбие


 


алуға екі-үш ай қалдырған екен. Табиғатынан алғыр да ұғымтал қыз мұсылман әйелдеріне қатысты шариғаттық жол-жобасын, діни ұстанымдар заңдылықтарын тез үйреніп, оны өмір бойы қалпынша сақтап өтуге тырысыпты.


Бүкіл өзінің өмір болмысын, таным-түсінігін, наным-сенімін өзгертіп, басқа әлемге бет бұрған адамның оны тез игеріп кетуі таза талаптың, ынтаның нәтижесі болар.


Ол тілі келсін-келмесін, тек қазақша сөйлейтін. «Қ»-ні «к» деп айтатын... –деп еске алады көзкөргендер.


 


Меніңше, «Қазақ» газетін Ахаң творчествосынан бөле-жара қарауға болмайды. Ахаң – күрес атымен тарихымызға енді. Ол –


«Қазақ» газетін қаруға айналдырып, қазағымыздың азаттығы жолында майдандасты. «Қазақ» газеті өз ұлтымыз үшін аса дер шағында рухани, қоғамдық дәуірде өмірге келді. Сол тұста ұлтымыздың өз билігі ыдырап, жері бөлшектену, ділі, тілі, тініне қатер төнген еді. Осыдан көп кешікпей, қазіргі Қазақстанымызда Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш орда үкіметі өмірге келді. Осының бәрі Кеңес орнағаннан кейін Қазақстан алдымен автономия, одан кейін Одақтас республика мәртебесіне ие болды. Осынау тарихи жағдай КСРО ыдырағанда Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алуына жеткізді. Тәуелсіздік тарихымыздың жолының бір саласы осы.


Бұдан 90 жыл бұрын қазақ халқының ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдық мерейтойында жасаған баяндамасында Мұхтар Әуезов «Қазақ» газетінің қоғамдағы орны және рөлі туралы, оның бас редакторының жанқиярлық еңбегі туралы былай деген болатын: «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күндері пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданынан шығып отырса, кейінгі жас бүгін Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектептің табалдырығынан жаңа аттап кіріп жатыр. Ахаңның бұл істеген қызметі қазақтың ұзын-ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатылған ескерткіш – мәңгілік ескерткіш...


Қазақтың еңкейген кәрі еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның  салқын  желіндей  ширықтырған,  етек-жеңін  жиғызған


«Қазақ» газеті болатын».


 


Ғұлама Мұхтар Әуезов саптаған бәтуалы бағаға түсінік беру жөн болмас. Енді «Қазақ» газеті туралы жекелеген ой-толғамдарға тоқталайық.


Алаш зиялыларының үнпарағына айналған ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының «көзі, құлағы һәм тілі» бола білген


«Қазақ» газетіне 2013 жылғы екінші ақпан күні 100 жыл толды.


ХХ ғасыр басында 6 миллионға жуық халықты ақпаратпен қамтыған әрі саны мен сапасы да сол кездегі өзге басылымдарға қарағанда жоғары болған екен. Деңгейі әлдеқайда жоғары «Қазақ» газетін шығармас бұрын Алаш көсемдері бір емес, бірнеше жыл дайындық жұмыстарын жүргізіпті. «Қазақ» газеті 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда тұрақты түрде шығып тұрды. Мұндай газетті шығаруға Алаш зиялылары 1905 жылдан дайындыққа кіріскен. Яғни бұл басылымды шығаруға 8 жыл уақыт кеткен. Таралымы 3 мыңға жетіп байтақ қазақ даласын қамтып және көршілес елдердің Уфа, Қазан, Петербор, Мәскеу, Том қалаларына да тарайтын болған. «Қазақ» ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалардың шежіресі әрі азат ойдың ұйытқысы қазақ өмірінің энциклопедиясы да бола білді. Таралымы әлдеқайда көп болған газетте қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет салалары, халқымыздың хал-ахуалы, тұрмыс-тіршілігі түгел дерлік қамтылды. Мұндай басылымның шығып тұруы патшалық өкімет пен кеңес өкіметіне де ұнамайтыны өзінен-өзі түсінікті. Осы бес жылдың ішінде газеттің бас редакторы болған Ахмет Байтұрсынұлы бес рет абақтыға жабылған. Неше бір түрлі қуғынды көргеніне қарамастан, «Қазақ» газеті тұрақты шығып тұрды. Ғалымдар қолда бар «Қазақ» газетінің тігінділерін, қиындыларын зерттей отырып, мынадай тұжырымға келді: газет көлемінің үштен біріне жуығы, яғни 60 баспа табақтай газет материалдары Ахмет Байтұрсынұлының қолымен жазылған, оның ақыл-ойының жемісі екендігі дәлелденген. Осыншама қыруар жұмысты қара нардай тартқан Ахаң ұрпақ ұмытпастай ұлы іс атқарды.


Қаншама қиындықтарды жеңе білген «Қазақ» газеті еліне 5 жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп халықтың санасын оятып, қылышынан қан тамған кеңес өкіметі келген соң жабылып, зиялыларымыз қудалана бастайды. Қазақ даласын мекен еткен әрбір  қазақ  баласының  мүддесін  қорғаған  газеттің  жабылуына


 


патша өкіметінен гөрі кеңес өкіметі мүдделі болып, тез қолға алған еді.


1918 жылы аласаттың кезінде большевиктер «Қазақ» газетінің баспаханасын тартып алып, 265-ші номерінен кейін газетті тоқтатуға мәжбүрледі.


Өзі өмірден озса да Ахаңның жарқын бейнесі, ұлағатты ісі, жасампаз идеясы туған халқымен бірге жасасып келеді. Бұл жай сөз емес – ақиқат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу