Өмірзақ Озғанбай

1959-1994 жылдары мектепте тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, аудандық оқу бөлімінің инспекторы, аудандық, қалалық партия комитеттерінің бөлім меңгерушісі, облыстық «Білім» қоғамының басшысы, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, облыстық кәсіптік-техникалық оқу орындары басқармасы бастығы, республикалық оқу-әдістемелік орталықтың директоры, облыстық білім беру басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1995-1999 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комитет төрағасы, 1999-2001 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті, 2002-2004 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің проректоры қызметтерін атқарды. 2004 жылдан «Қазмұнайгаз барлау және өндіру» АҚ бас директорының кеңесшісі, 2007 жылдан Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесі төрағасы, облыс әкімі кеңесшісі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: