Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  75


Автор: Есенғали Бөкенбаев

Біреудің бағы жанбайды...

Біреудің бағы жанбайды,
Қанша ақылды болса да.
Біреудің көзі тоймайды,
Мелдегі бітіп, толса да.
Сабырлылар және бар –
Аспайтын да-таспайтын,
Басына бақыт қонса да.
Можымайтын мықты бар –
Етін сылып, жонса да.
Қалтырамас қатты бар –
Мыңқ етпейтін тоңса да.
Сұлудың сыны кетпейді –
Бет ажары солса да.
Адамның түрі болады –
Дым келмейтін қолынан,
Аузымен орақ орса да.
Тойымы жоқ жандар бар –
Оңалмайтын өлгенше,
Жұртын жалмап, сорса да.
Жұмбақ емес, білгенге,
Жазмыштан бәрі болса да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу