Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  69


Автор: Айсырға Қилыбаева

МОНШАҚТАРЫН ТӨГІП КЕТІП БАРАДЫ

Үмітай-ау, жүзің қандай нұрлы еді!
Өмірің де, күлгенің де сырлы еді.
Өзің жаққан ошағыңды жағалап,
Жеті-сегіз жеміс ағаш гүлдеді.
Қара жердің тартты сені қойыны,
Ешқашанда болмаған бір тойымы.
Алып кетті қызық көрер шағыңда
Айтпай келер арсыз ажал «ойыны».
Мұң сіресіп, тұнжырайды қабағы,
Қинап кеттің жаны жайсаң ағаны.
Өзің кеткен жаққа қарай бұлт аунап,
Моншақтарын төгіп етіп барады.
Жеті гүлдің ортасында Алдашың
Ата-ананың үлкен көшін жалғасын!
Күнге қарай ұмтылатын талпынып,
Бүлдіршіндер қанат қақсын, талмасын!
Кейде ерте, кейде кеш күн батады,
Түнді талмап, талай таңдар атады.
Күзде үзілген жапырақтың ізімен
Көктем келіп, бүршік жарып жатады.
Маһшардағы көрме азап талқысын,
Құрма ағаштың жұпар исі аңқысын!
Жеті қызды тәрбиелеп, ұл сүйген
Пейіштегі нұрың сенің шалқысын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу