Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  83


Автор: Айсырға Қилыбаева

Марапаттанып, жарақаттанып пысық пен жасық сөздерден...

Марапаттанып, жарақаттанып пысық пен жасық сөздерден,
Сәт сайын толқып, күніне мың сәт өзгерем.
Орны жайлының ішегі майлы екен ғой,
Алдағым қайда, арманым қайда көздеген?!
Жолдары ашық – әлсізге емес, күштіге иек артқанның,
Ымдасып жүріп, жымдасып жүріп, олжаға оңай батқанның.
Төменге емес, төбеге қарап өскендер
Көрмейді екен қандас бауыры оранып өртке жатқанын.
Оқығаны көп, тоқығаны жоқ өмірден
Талайы тасып, құлағын басып, құрсақтасынан жеріген.
Тастандылардың жүйкесін құса кемірген,
Жүйкесі көннен жаратылғандар түк басып, сырты семірген..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу