Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  84


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТОБЫЛҒЫ ТОРЫ

Тобылғы торы шыбықпын,
Алысып желмен, шынықтым.
Тасымай жатқан тұнықпын,
Самсаған жұлдыз шырақтар
Сүңгіген түннен сыр ұқтым.
Тобылғы торы – сұлулық,
Шұғыла төгер құбылып.
Тобылғы торы – тазалық,
Жанар мен жүрек нұрына
Жүретін әркез жуынып.
Өзгеріп кеттік боянып,
Тобылғы торы туылып.
Тобылғы сапты қамшының
Өрімі қалған жұлынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу