Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  61


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖҰТЫЛЫП ЖАТЫР

Жайраңдап жүрдің, жан еркем, жанымда менің,
Ол кезде мен де жарқылдап, жалындап жүрдім.
Армандар – ағыс, үміттер – жарыс,
Алыстап кетті, сағымға ердім.
Күдік пен үміт алмасып, тартады алға,
Күшіне сеніп ауыр жүк артады нарға.
Адамдық сана, қасиетті ұғым біртіндеп,
Жұтылып жатыр қалталыларға.
Ел сүйген ерлер еңіреп жатыр, еңсесі төмен,
Көретін көз жоқ, естімес сөзді құлақтар керең.
Шындықты айтып шамырқанғанның
Басында – тоқпақ, мойнында – көген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу