Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  81


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

ЕГІНБАЙДЫҢ «ЕМІ»

(сықақ)
Әй, осы Егінбай да қызық –
Бір тойда
Тым жақсы отырысты бұзып,
Азғантай ақылын жырымдады.
«Махаббатым ед, - деп, бұрындағы»
Біреудің бөбектей келіншегіне қырындады.
«Күйеуі бар-ау» деп елеген жоқ,
Оңашасын тауып билеген боп,
Білегінен ұстап,
Бауырына қысты.
Көзімен нұсқап,
Көрсетті тысты.
Осылайша төрт-бес рет билеп шықты.
Ақыры, ұятты «жинап қойып»,
Келіншекті далаға сүйреп шықты.
Дала қараңғы еді,
Мұнысы бір есептен
Егінбай үшін жарамды еді.
Бірақ та...
-Кәне, қай жақта?! – деген
Үн естілді де құлаққа,
Бір жұдырық кеп сарт етті.
«Ер жігіт» - Егінбайдың
Көзінің оты жарқ етті.
Одан арғысын білмейді...
Тұлғалы болғанмен нар текті,
Көзі қарауыт-е-п барып,
Көк асфальтқа жалп етті...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу