Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  317


Автор: Медет Дүйсенов

ТУҒАН ЕЛ

Мейірленіп көк жүзі мөлдірейді,
Жалау біткен толғана желбірейді.
Күміс күннің керімсал шуағындай,
Жүректер елжірейді...
Аясында туған ел аспанының,
Жырын шертем замана дастанының.
Қазағымның кемелдік мінбесінен,
Шығады асқақ үнім.
Туысқандық тереңде тамырланып,
Тілер мәңгі, тыныштық таңын, халық.
Өшсін дейді, әлемнен соғыс өрті,
Дүние дабыл қағып!
Шапағатты шаттыққа кенелсін де, ел
Көктем әнді шыраймен көгерсін жер!
Қол соққандай қуанып, қос қанатын
Қағады көгершіндер...
Бар мен үшін өмірде бір-ақ тәңір,
Ол – Туған ел! Жаудырған мұратқа нұр.
Боз жусанды даламда, боламын-ау,
Кіргендей жұмаққа бір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу