Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  82


Автор: Мырзатай Болат

ДҮНИЕ – ЖАЛҒАН...

Жаратқан Алла, кең едің


Пендеңді сүйеп, демедің!..
Басыма зауал түссе де:
«Осының қалай?»-демедім...
Айдосым, қыршын жасыңда –
Сапарға қайтпас жөнедің!..
Жаратқан хақтың ісіне


Амал жоқ, халқым, көнемін!..
Мен осы үйге келгенде


Балауса-балғын бала едің...
Анаң сықылды сабырлы


Бала да болсаң – нар едің!..
Алтыннан құйған асықтай...
Күмістен соққан қасықтай...
Төредей болған патшам-ау!..
Өлімің жаным жасытты-ай!..
Қиындық кездер болды ғой


Оны да, жаным, білемін!..
Өздерің аман болсын деп –
Саулықтарыңды тіледім!..
Жиырмаға жасың жеткендеБір ауру саған жабысты!..
Айырылмай содан алты жылҚабаған иттей қарысты!
Жылма-жыл сұрқос асқынып –
Қу сүйек болып жүдедің!..
Ақыры үзіп тындың-ау


Бір әулет жанның тілегін!...
Айдосым жолға шықты ғой


Тауысылып дәмі-татары!..
Қызықсыз – қыршын кеткенің


Қайтейін, жанға батады!..
Жеткізбей кеткен арман-ай!
Дүние неткен тарлау-ай!..
Аурулы әкең уайым жеп-
Тістеулі қалды бармағы-ай!..
Жалғанда- жалған-жалған-ай!..
Құдайдың басқа салғаны-ай!..
«Ажалға-сабыр», халқым-ау,
Аман да жүрсін қалғаны-ай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу