Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  102


Автор: Бірғали Байекеев

СЕМЕЙ СЫНАҚ АЛАҢЫ ЖАБЫЛҒАНДА

Тазалық жоқ ішкен суым, нанымда,
өңімде-үрей, күнде дүмпу жадымда.
Туған жердің тұла бойы тұл жамау,
Мың кесепат бүлкілдейді қанымда.
Бір бұлқыныс байқалады қарында,
Маңай толы түтін-тұман, сағымға.
Қыршын кетіп, піспей солып қалуда
Қыз-жігіттер қызғалдақтай шағында.
Мұңды бір ән жол тартады жанымда,
Бұрынғыдай гүлдемейді бағым да.
Аспанымның айдыны да ақ тозаң,
Мөлдір күліп атпай қойды таңым да.
Арман-ойым, алаңдамай арында,
Тоқтамай тарт тынысыңның барында!
Құр сүлдері қасіретті жерімнің,
Дөңгелейді көздің қара-ағында.
«Бітті сынақ! Қайтадан оқ жарылма!»-
Құлақ қоям күңіренген сарынға.
Аласталар алапаты атомның,
О, жүрегім, өрекпімдей дамылда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу