Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  83


Автор: Бірғали Байекеев

Теңіз бен бала

Бесігі бекем момақан теңіз нұрлана,
Ұқсатты бейне толқынын сиқыр сырғаға,
Ақ дидарыңа ақ қаймақ кештің сұқтанып,
Шаттыққа шомып, жағада жалғыз тұр бала.
Ақ желкен қонған айдынның беті тып-тұнық.
Сызыла қапты сабырлылықты ұқтырып.
Шағылға сіңіп, шағала құстың шаңқылы
Ымыртта жеткен ызғырық желден ықты бұлт.
Жабағы бұлттар жаңбырдың жауар сесі ме,
Салқындау қабақ танытты күздің кешіне.
Жанары нәркес жағада жалғыз тұр бала,
Томсарып жүзі, күткендей көктен несібе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу