Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  80


Автор: Бірғали Байекеев

О, ДАНЫШПАН ДҮНИЕ!

О, данышпан дүние!
Мен келемін,
мен келемін.
Құпияңды білуді
Жөн көремін
Кеудеме
таусылмайтын қуат бердің,
беймәлім қырларыңды меңгеремін.
О, данышпан дүние!
Жадыңа
Енген едім,
Сырыңа
Сенген едім,
Жанымды
Емдеп едің,
Көгіңде
Күн сияқты
Нұр шашып
дөңгеледім.
О, данышпан дүние!
Тірліктің
Жөргегі едің,
Талайды
Тербеп едің,
Ұямсың
Саялайтын,
Панамсың
Сен де менің.
О, данышпан дүние!
Сан арман
Өңгеремін,
Әлсізге
Дем беремін,
Өзіңнен
ажырамай
қалғанды
жөн көремін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу