Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  88


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ШАМШЫРАҚТЫ ШАҺАР.

Маңғыстау жеткен жер-ді бабалардан,
/Мен сендей Жерұйықты таба да алман/
Археология ғылымы айтатындай,
Болыпты ерте кезде қала бар маң.
Тау мен тасың, қазына-сандық бәрі,
Ашып қал да сырын ұқ, аңдып қані.
Шер тарқатар зерттесең Шерқалалар,
Солардың сарқыншағы, қалдықтары.
Өткізген талай сынды бір басынан,
Көрінген...сонадайдан...қыр басынан,
Қарт түбегім, іздеймін кескініңді,
Тереңдерден –тарих тұнбасынан.
Қалғансың тым әріде таңбаланып,
/Барлығын бағамдау да арман анық/
Көрмеге, көп алдына тартқым келер,
Жер бетінен тек сені таңдап алып.
Білемін ақ таңыңда арай барын,
Тәнті боп соған үзбей қарайладым.
«Ару ең ұйқыдағы, ояндың да,
Бақытқа кенелгендей бар аймағың.
Соның бірі байырғы Кетік қала,
Сырына жас, кәрі мен жетік бала.
160 жыл толатын саған арнап,
Өлең түздім өзгеден етіп дара.
Тұла бой тұңғышысың түбегімнің,
Жүз өзгеріп ныспың да, жүдедің мың.
Туған жерін сағынып әкем айтқан,
Қалып қойды мәңгілік жүрегімде үн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу