Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  56


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

СОЛДАТТАР

Даламды жайлап тосын мұң,
Түскенде белге салмақтар,
Қасқайып қару асындың,
Қаһарлы жүзбен, солдаттар.
Күркіреп ол кез тұрды аспан,
Өмірге ажал жолдап дәл.
Әрқайсың болып бір дастан,
От кештің сонда, солдаттар.
Жүзіңде кектің оты ойнап,
Жаныңды жайлап ардақты ар,
Атылдың алға атойлап,
Отаның үшін солдаттар.
...Арманға арман ұласып,
Бақытты әуен тынбасын.
Сезімдер балғын гүл ашып,
Жүректер мәңгі жырласын.
***
Түспесін қайтып сол дақтар,
Ұмытпа мұны, солдаттар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу