Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  71


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

Мен-комсомол.

Мен-комсомол.
Бойымда тасқын екпін,
Жүріп өткен жолдарым айқын маған.
Мен дауылдан жаралған тас түлекпін,
Мен сұлу ән әлі де айтылмаған.
Табындырған хас жауын, түнек тілген,
Мен айбынды Корчагин семсерімін.
Жапан түзге жайқалтып гүл ектім мен,
Ауыр жылдар ақтадым ел сенімін.
Талай сында тұлғамды шынықтырып,
От кештім де, жалынмен тыныстадым.
Берген маған заманды шын ұқтырып,
Ол-партия, ол менің туысқаным.
Мен асаумын қызуы басылмаған,
Мен-косманавт, қонағы көк төрінің.
Мен алыппын ажалға бас ұрмаған.
Мен жазылмақ тарих беттерімін.
Мен қайратпын күшіммен тасты үгіткен,
Аспандағы ақша бұлт жасынымын.
Мен келемін алаулап жақсы үмітпен,
Ей болашақ!
Қабылда ғасыр ұлын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу