Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  64


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

СЫР

Қамын ойлап тек қана қара бастың,
Жүрмін бе екем? Ол маған жарамас тым.
Жақсылық жайлауының гүлін жиып,
Ей адамдар, ортаңа араластым.
Араластым жазира жүрегіммен,
Арайлы таң танытып гүл өңімнен.
Мұратқа да қол созсам күткен алдан,
Өздеріңнен тәлім ап жүремін мен.
Жаз тектес жанарымнан шуақ тамып,
Кіршіксіз көңілімнен күй ақты анық.
Шулы екен орталарың, думан екен,
Толқыдым мен көл беті сияқтанып.
Бойымнан мөлдір сезім айықпаған,
Жанмын ғой өмірді мен жай ұқпаған.
Қамыққан сәттерімде, ей адамдар,
Тұрсаң болды құшақты жайып маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу