Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  90


Автор: Мейрамбай ҚИБАСОВ

ЖҮРІП КЕЛЕМ...

Күн көзінен өңіме нұр сіңдіріп,
Өмір, өмір, сен маған тұрсың күліп.
Бал шарабын бақыттың жұтсам кейде,
Кей сәттері қоясың күрсіндіріп.
Сонда қалай? Қиынға көнейін бе,
Жанбай жатып шынымен сөнейін бе?
«Жоқ» деген сөз жетелеп сонда мені,
«Жоқ» деген сөз жатады көмейімде.
Сөйтем-дағы теңіздей тасынамын,
Тасынамын, ертеңге асығамын.
Жүгім ауыр болса да, жолым алыс,
Тұрады ылғи өзің боп ғашық әнім.
Бағыттан тайдыра алмас күдік деген,
Қашанда жаным егіз үмітпенен.
Өзің аттас бұралаң жолда үнемі,
Жүріп келем, әйтеуір, жүріп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу