26.07.2022
  258


Автор: Сержан Шакрат

НҰРЫМ МЕН ТАНА АҚЫНДАРЫ

Нұрым ақын бірде жолшыбай Тана руының бір үйіне келеді. Сол үйде тананың Жиенбет тақтасынан төрт ақын отыр екен. Кездесуге құмар болып жүрген олар Нұрым түсіп жатыр дегенде қуанып кетеді. Қонақ есіктен кіре бергенде-ақ олар кезектесіп, бір жолдан өлең төгіп қоя береді:


 


Сұрасаң руымызды, біз Танамыз,


Жиенбет тана ішінде аталамыз.


Қыдырып ел ішінде көп жүрмейміз,


Ақыннан бізге келген бата аламыз.


 


Сонда Нұрым да есіктің алдында тұрып, жалма-жан жауап береді:


Руға қайдан қалдым Таналаған. Көп қарға бір сұңқарды қамалаған.


Ортаңа мен бір келген көкжол бөрі, Төрт төбет айналамда абалаған.


Нұрымның сөзшең тапқырлығынан шошып, әзіліне риза болған ақындар оны қонақ етіп, жақсы сыйлапты, батасын алыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу