25.07.2022
  789


Автор: Орақ Байғалиев

Жас жұбайларға тілек

Алауланып жүздерінде нұр ойнар,
Бүкіл ауыл сүйіншіні сұрайды, ал!
Жанарларың жарқырасын жасымай
Еңселерің еңкеймесін, жұбайлар!
Жолдар тартар қия, жонға, тасқа өрлеп,
Қадамдарың құтты болсын, бас төрге,
Мынау атаң арнап тіккен ақ отау
Мынау анаң жиған жиһаз қастерлеп.
Үйлеріңе қонбай қайғы, қасірет,
Ата-ананың алдында иіл, бас ие өт,
Мынау қара босағада беріктік
Мынау қара шаңырақта қасиет.
Бұл өмірдің көктемі мың, күзі мың,
Жарастықтың жаны – жайлау, жүзі – күн,
Шаңырағын шайқамаңдар отаудың
Махаббаттың жоғалтпаңдар жүзігін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу