Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  239


Автор: Орақ Байғалиев

Қараша

Тау өссе... шөксе... кемір... кеңір жазық,
Қайғы да қуаныш та өмірге азық,
Әлемдік теория рас болса
Түбінен суырылмас Темірқазық.
Жарыққа шыққан кезім ару көктем,
Жоқ мына заманаға дәуірге өкпем,
Болашақ жердің барлық тұрғындарын
Қысамын құшағыма бауыр деп мен.
Уақыт күнді іле ме, түнді іле ме,
Айтарым бар ма менің бұл күні елге,
«Сәуір туған шағымды» парақтаймын
Өткенге көз саламын – «Сүмбілеме».
Іліктім қара суық Қарашаға,
Балапан жырым ұшса-ау жара-шаға!
Желтоқсан жылдың соңы – аяғы ғой
Әзірге түсе тұрса арашаға...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу