Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  74


Автор: Серікбай Бердияров

КӨКТЕМ

Жердің беті түгелімен көгеріп,
Көпшілікке дегендейін теберік.
Ендігі іс бақшалықты дайындау,
Басқаларды кейінірек шегеріп.
Тоң сейіліп қызынғасын топырақ,
Қырда-ойда босаңсыды қопырап.
Шаруаны қоздырарын соң білдім,
Өз өзіммен жүргенімде тоқырап.
Мал шығады таяу күнде жайлауға,
Адам керек қора қопсы жайғауға.
Адам керек елден ерек күші бар,
Асауларды бас білдіріп байлауға.
Әрбір затқа тоқталамыз іркіліп,
Не жетеді тірілгенге тіршілік.
Көктемдегі қуанышты сезіндім,
Қара шықты көлегейлеп кірпігім.
Адамдардың қан жүріпті өңіне,
Терін сүртіп әбігерде жеңіне.
Құмырысқалар қозғалысқа түсіпті,
Азын аулақ зат тапқандай жеміне.
Көз өтпесін, түйрегішті түйрегін,
Қыз жігітті баққа қарай сүйреді.
Жастық шағым өтіп кеткен екен-ау,
Осы арада естен тана күйредім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу