Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  66


Автор: Серікбай Бердияров

Үлкен ағалар...

Үлкен ағалар,
Өскендігімді көрсетіп.
Қосшы балалап,
Жүрген жеріне ертетін.
Оған сүйсініп,
Балалығыммен марқайып,
Жанды салыппын,
Қабылдау үшін өр шешім.
Тоқтатпай жұмсап,
Ащы терімді шығарып,
Болсын деді ме,
Баптаған жері құнарлы.
Күні, түнімді,
Қаусырып кетті құмарлық,
Басым болғаны,
Адамға аян ұғарлық.
Алтынның құны,
Әжетке асса бағалы.
Бағасыз заттың,
Қажеттілігі шамалы.
Ненің болмасын,
Табылуы тиіс амалы.
Сіздер екенсіз,
Інінің сөйтсем қамалы.
Алдыңа келсек,
Үмітсіз шайтан таласып.
Қалай дегендей,
Қарапсың еппен шамасын.
Жайдыда білдік ,
Кешіксек жолды шолатын.
Осында тіптен,
Жоқ болғанымен аласың.
Мұқит түбінде,
Лықыған маржан лағылдай.
Ынтызарлықты,
Көңіл кеншінде тағылған.
Сағынышы деп,
Ағалар дұрыс қабылда.
Жарылған түрім,
Осы болып тұр ағымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу