Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  52


Автор: Серікбай Бердияров

Жүрген жеріңді шаңдатып...

Жүрген жеріңді шаңдатып,
Аранның ашсаң қанбасын.
Опырылғанда білесің
Түп тамырымен жанбасың.
Билік басына барғасын,
Арғы жағыңда жар басы.
Итеріп қалса кетесің,
Кеудеңді желге қарматып.
Осылай деген қай ғасыр,
Отырып алғын жайғасып.
Әліптің артын бақылап,
Жұмысқа кіріс жалғасып.
Мысық пен тышқан ойыны,
Бағдарламадағы қойылым.
Ақшаның дәмін түсінген,
Жеміттің соғар сойылын.
Жоғары төмен кет десін,
Адамға жүрме кектесіп.
Сара жолыңды сақтасаң,
Алдыңа келер жетпесің.
Торығып талып күткенмен,
Ойыңдағы болып біткенде.
Ұйқы тыныш,жаның жай.
Қарағыштайсың тек елге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу