Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  60


Автор: Серікбай Бердияров

Сезіміңнің тұтандырып білтесін...

Сезіміңнің тұтандырып білтесін,
Ұстаныпсың дұрыс екен бір шешім.
Қарақан бас алып жүре алмасаң,
Кім болса сол кекетеді күлкі етіп.
Жақсыны айтып,
Жаманымды таяйын.
Құлақ кесті құлыңыз жоқ баяғы.
Сыпайылық сақтағанды білген жөн.
Бірақ бардың болуы шарт аяғы.
Айтқаныңыз әурешілік демеңіз,
Өте қиын қайырласа кемеңіз.
Жылдар бойы жинақталған абырой,
Бола алмайды жер көтерер көк өгіз.
Жол айрыққа қолтықтасып кеп қалдық,
Кінәратқа кінәлама тек шалды.
Жақындасам түсінгенім жаныңды,
Алдыңыздан шыққандығым өкпе алды.
Тағдырыңның талқысына түскенде,
Өтіріктің қазанында піскенше.
Көкейдегі кем кетікке көңіл бөл,
Сонда ғана дұрысталмақ іс менше.
Өмір тартыс болып кетті аламан.
Тіршілікте болмаса да қалаған.
Табылсаңыз жақсылықтың қасынан.
Аулағырақ жүресіңіз жаладан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу