Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  60


Автор: Серікбай Бердияров

Көпшіліктің ішінде

Көпшіліктің ішінде
Силасатын кісің де
Әбден екен қалуы
Жағдайыңды түсінбей.
Көргендіге сөзім жоқ,
Бой алдырмай сезімге.
Тұрғаныңа қамқоршы
Бүтін затың өзіңде.
Ақылсызына жолықсаң,
Аш қасқыр ол жортқан.
Аулақ жүрген абзалы,
Жақындасып торыққам.
Түйе үстінен сөйлейді,
Діңкең құрып өл мейлі,
Өз дегені болмаса
Көншімейді шөл кеулі.
Аласапыран қыстада,
Қисыны келмес тұстада,
Әліптің артын баққан жөн
Сүйендім өтті нұсқаға.
Ел арасы осындай,
Мың миллион тосын жай,
Аралассаң жеңесін,
Көре келе шошынбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу