Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  59


Автор: Серікбай Бердияров

Күніменен өліп-талып тапқаным...

Күніменен өліп-талып тапқаным,
Болады деп ойлағанмын мақтаным.
Бірі жетсе, бірі жетпей күйдірді,
Бардың байдың ісі екен баптану.
Туылғанда тұла бойы тұнғышым,
Ата-ананың өзім едім жындысы.
Жуу үшін кетіп қаппын ауылдан,
Өткенімнен есте қалған құндысы.
Боларға да, болмасқа да аттандап,
Қызығыппыз терезе, есік шаққанға
Ашық-шашық бетқаратпай жүргенбіз,
Ойға алсам қорқынышты сақтанбай.
Бертін келе жақсы-жаман аңдадық,
Жүргендерді ығыстырдық жан бағып.
Болар істің көзін біліп алғасын,
Кете бардық елмен бірге жанданып.
Жақсылардан қалыспадық қапталдап,
Бағаладық жөнін тауып тапқанды.
Секем алсақ екі шоқып қарадық,
Ондағымыз басқа тиген ақтаңдақ.
Терезенің сүрткілеумен айғызын,
Қажетімді көріп-білдім жайғызып.
Содан болар арманыма қол жетті,
Алмасамда ағып тамған бай қызын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу