Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  62


Автор: Серікбай Бердияров

Таңы нұр шашып!

Таңы нұр шашып!
Қыры гүл ашып!
Жаным жайланды,
Балам ойланды,
Жұбаныш.
Ауыл төменде,
Малы көгенде,
Таудың қапталы көлеңке.
Халқы бақытқа бөленген,
Шашу шашайын өлеңнен,
Жұбаныш.
Таудан су құлап,
Туды мың сұрақ,
Елім бахытын сезінсе,
Билей жөнелем көзіңше,
Жұбаныш.
Қаралай булықтым ызаға,
Жастық дәурен-ай ұзаған,
Өткен кеткенді ойланып,
Бірде бозарып қызарам,
Жұбаныш.
Шоққа қарындым,
Қоштап дарынды,
Жеткен жетістік,
Бүгінде қымтады барымды,
Ұшпаққа көтерді арымды,
Жұбаныш!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу