Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  87


Автор: Серікбай Бердияров

Арман-ай

Арман-ай
Таң атысымен қылаңдап,
Ойыңды аршып ылаңнан,
Жоспарыңа қарайсын,
Нанша балға шыланған.
Аралап жота жондарды,
Келеді барды оңғарғың.
Еске аласын есті алып,
Қыс қыстаған соң қарды.
Осы қайда тап болдым,
Армандаған ақ толқын.
Айналдырып жатқанда,
Ұмытасын жат жолды.
Жазыла жатқан тегістік,
Ортада алқап егістік.
Көздің жауын алғанда,
Келеді барды жеп-ішкің.
Дүмбілез көңіл,
Дүдәмал,
Болғанмен толы шүбәға.
Арман алға жетелеп,
Дайындайды сыбаға.
Арман-ай!
Көмегің қандай көрсетер,
Құдірет алдан берсе екен,
Деп алам да беттеймін,
Аламанға ер шешер.
Біреуге болар тосын жай,
Менің көргенім осындай,
Болғанмен арман қауіпті,
Кіріскен жеңбек шошынбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу