Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  79


Автор: Серікбай Бердияров

Тіл туралы жаза бергім келеді...

Тіл туралы жаза бергім келеді,
Келгендермен бірігемін кемелі.
Дөңгеленіп өмір алға жылжыса,
Істе әлі жолығармыз келелі.
Мен жазатын қарапайым өлеңде,
Ықласы ілтипатқа бөленген.
Уәдесіне берік жандар болады,
Қатысы жоқ айналаға төлемнен.
Азаматтар түгелінен сапта тұр,
Көлгірсіген келімсекке жалғасып.
Екі бағыт ұстағанға жақпаймын,
Іздемеңдер сол бағыттан алжасып.
Жеңген емес ешқашанда күнді түн,
Жеңген емес ешқашанда түнді күн.
Жүріс тұрыс тайға таңба басқандай,
Ортақтаспын келетінмен білгісі.
Жарамсақтық тұрғысында мысал көп,
Арыстандай айды оңай құшам деп.
Тау жағалап жүрген адам көп болар,
Бірақ оның байламында нысан жоқ.
Азаматтың ел жұртына тілеуі-ақ,
Олай болса болатыннан сүйеу-ап.
Ел қатарлы әрекеттен қалмағын,
Ана тілі мемлекетте біреу ақ.
Міне менің қосылсаңыз пікірім,
Үміт арман аппақ қардай үкілі.
Кетпесе екен орта жолда қожырап,
Ертеңінен арқа сүйер бүтінім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу