Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  82


Автор: Серікбай Бердияров

Тіл туралы пікір талас жетеді...

Тіл туралы пікір талас жетеді,
Даладағы жел кеулеген етегін.
Жер иесі өзге тілге тәуелді,
Болғанымен туа бітті мекені.
Өзгерісті жөн жосықсыз демеймін,
Өз еліңде күй кешілу өгейдің.
Маған бірақ көрінуде томпақтау,
Бұған өзге беймағұлым не дейді..?
Белең алды көріністер солқылдақ,
Көбіктейін соққылаған толқында.
Қазақ тілі көтерілу орнына,
Тап болуда неге білмен жойқынға.
Тоқ етері көк аттылар өбектеп,
Құры босқа келмегендей көмекке.
Байқасаңыз жұмыс бөліс кезінде,
Біздің қазақ кептелуде бөгетке.
Өркениет неміс, орыс, ағылшын,
Өзге тілді сұраныссыз не қылсын,
Келмегесін бастаудан су ағылып,
Иіс шығу заңдылық қой жағымсыз.
Ағайындар оңды-солды ұғардай,
Оқытып жүр өзге тілде тұмарлап.
Күлкілісі осы арада болып тұр,
Тесік таппай қиналасын шығарға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу