Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  83


Автор: Серікбай Бердияров

Өткен күннің аударыстап бағытын...

Өткен күннің аударыстап бағытын,
Желдей ескен жүйріктермен табыстық.
Жинақтауда жылнаманың жауқарын,
Адамдарға жетіспейтін шақ ұтқыр.
Бабаларым Төле, Қазбек, Әйтеке
Көпшілікке танылыпты ой көсеп.
Төрткіл дүние мойындапты Абайды,
Соны аялап әлпештеген төл төсек.
Қорқыт, Абыл, Құрманғазы, Тәттімбет,
Абылаймен үзеңгілес батыр көп.
Ар-намысы құзар шыңның басында
Кеткенінше нық ұстапты бақұл боп.
Көрді десек ағат болар кемістік,
Сан елдермен тоқайласқан кеңістік.
Қазақ елі аталады атымен
Менің үшін осы бағыт ең ыстық.
Дүниені қызықтатқан құдірет,
Ата-баба армандаған тұғыр ек.
Әсемдікті сол қалпында сақтайық,
Байқамасақ айнала көз сұғы көп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу