Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Серікбай Бердияров

Айдай болыптуып, өскен жерімде...

Айдай болыптуып, өскен жерімде,
Балық аулап,суға түстім көлінде.
Қақпан құрдым,дала кезіп бір уақ,
Бет сипадым,өткен-кеткен өлімге.
Таныстарым қалған болар аң-таң боп,
Мұншалықты жүргеніме шаң-шаң боп.
Ішкен алда, ішпегенім қапталда,
Қонағасы желінбеді сан-сан боп.
О,туған жер! Кіндік қаны жуылған,
Аз күн болсын,ажырадық шуылдан.
Аңның еті,малдың етін достастар,
Әкеп жатыр,қуырмаған,қуырған.
Қуаныштан қобалжыдым қозғалып,
Еске алдым,сан етіктің тозғанын
Еске алдым, сынастыққа келгенде
Қарсыластың оқ бойына озғанын.
Не айтсаң да, көтеремін кінәлап,
Болып жатсаң сыртымыздан сынамақ
Сол баяғы қалыпында жағдайым,
Айналама жоламайды сұғанақ.
Барыңа, бар дей аламын, жоққа жоқ
Адалымды ішіп-жеймін, соқпа боп,
Ертедегі жүріс тұрыс сейілді.
Қосылмаймын аңғарымсыз топқа көп




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу