Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  68


Автор: Серікбай Бердияров

Шөліркесе түйе сүтін ішетін...

Шөліркесе түйе сүтін ішетін,
Сыбағалап жейтін жілік мүшесін.
Манғыстаулық алдарыңда қазақтар,
Қанағатқа толықтырған місесін.
Мұнайшының өңдейтіні мұнай газ,
Аңшысының жетегінде құмай таз,
Тауда арқар, жазығында ақбөкен,
Елдің жайы ахуалы тыңайған.
Теңізінде ақбалығы, шоқыры,
Итбалығы, құс біткеннің топыры.
Еріксізден адамдарды тартады
Осыдан ақ бет пердені оқыңыз.
Жердің асты түгелінен ұлу тас.
Айналаға көз жіберіп ұғынсақ,
Байлығымыз табанының астында,
Әгі ,құмы құрылысқа бүгін қат.
Шөптерінен дәрі -дәрмек шығады.
Жерлерінде алтын уран тұрағы.
Біздің жерде Менделеев атаның
Жарқыратып жағып жүрер шырағы.
Өнеріміз өміріміз өреміз,
Тыныштықты өте жақсы көреміз.
Үлкендердің сілтемесі бізге заң
Ынтымаққа толығынан ереміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу