Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  62


Автор: Қалбай Әбдіраманов

АЛЛАТАҒАЛАДАН ТҮСКЕН СӨЗ

Пенделер,тәуба етіңдер,
Тәуба етіңдер!
Өмірге сәламат кеп сау кетіңдер.
Сендердің сөз түсірдім төбеңізден,
Сол сөзді мәнді етіңдер,
Мәңгі етіңдер!..
Пенделер,шүкір деңдер,
Шүкір деңдер,
Алдымен ел туралы пікірлеңдер.
Ертең кеп босағамда ыңырсиды,
Аспанның алтауына түкіргендер!..
Сендердің жарқыраттым шырайыңды,
Көркемдеп жан бітірдім...лайыңды.
Пендем-ау,көңіліңе не көрінді,
Есіктен мөлтеңдетіп....
Құдайыңды!..
Білдірмей кіріп келген Қыдыр едім,
Жүгірсем мен сендер деп жүгіремін.
Иманы түгел болса адамзаттың,
Мен неге босағада кідіремін?!.
Ішіңде адалыңнан арамың көп,
Бәрің де жүгіресің аламын деп.
Соңында таластыңдар Құдай менен,
Жұмақты сегізінші саламын деп,
Мен жалғыз құдай болып қаламын деп...
Үміттімін дараның дарасынан,
Жана ма деп бір жұлдыз арасынан.
Аспаныңа алпыс жыл телміремін,
Екі көзім шыққанша ...шарасынан!
Ақындар көп иығы иықтасқан,
Әр ақынның орыны биік тастан.
Өлетұғын кісімен қосыла өліп,
Дұрыс емес әрине...
Сұйықтасқан!..
Шыдайын шыдағанша,
Шыдайын мен,
Өзім боп өзім соққан лайыммен.
Қайтесің жерге шөкпей,
көрге кірмей,
Төбеде төбелесіп...
Құдайыңмен?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу