Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  83


Автор: Қалбай Әбдіраманов

АЛАҚАШПА

Алақашпа адамның көзін байлап,
Ыстық-суық шығады сезімге ойнап.
Күйеуің мені ардақтап жүрген кезде,
Мен отырам ішімнен өзіңді ойлап.
Шарасынан көзіңнің жылтың көрем,
Ойнаймын мен,арыстан,мұртыңменен.
Барасың неге айналып сыртың менен?!..
Бір жылы сөз айтсайшы,аяулым-ау,
Өлсем де... махаббаттың жұртында өлем.
Асыл әнім!
Жан сырымды несіне жасырамын?!.
Іші толы қазынаға сыр сандықтың,
Кілтін тапсаң мен қазір ашыламын.
Аңсағаным!
Мен бүгін сұлулыққа тамсанамын.
Өзіңді қимастықпен шығарып сап,
Таңертең сағынышпен қарсы аламын.
Кәусар әнім,
Қайдасың,аяулы еркем,таң самалым,
Мен бүгін махаббат деп...жар саламын!..
Мен бүгін жел өтіне қарсы ағамын!..
Сен, қиял, қадам жетпес қиырға көш,
Сарғайды сағыныштан сұйылған ес!..
Алпыс деген- мен үшін бозбала шақ,
Алпыс деген мен үшін-жиырма бес!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу