Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  72


Автор: Қалбай Әбдіраманов

МЕН СЕНІ СҮЙДІМ ДАҒЫ...

Мен сені сүйдім дағы басқа болдым,
Шарықтап биігірек тасқа қондым.
Жырақ кетсем артыма айналақтап,
Өзімше жүре алмайтын қасқа болдым.
Мен сені сүйдім дағы күнге айналдым,
Аспанның көшерінен бірге айналдым.
Күнбағыстай өзіңе қарай-қарай,
Биігірек өсуге ыңғайландым.
Сенсізде ұялайды жаныма мұң,
Сенсізде...ырғағымнан жаңыламын.
Кетпе,жаным,қасымнан.
Кетсең егер,
Ортасына түседі шаңырағым!..
Сен менің аяулы еркем,жарқын әнім,
Айтуға одан әрі...
Тартынамын.
Мен сені сүймегенде ешкім едім,
Мен сені сүйдім дағы...
Жарқырадым!..
Жаныма сен жаныңды жақын ұста.
(Аты нұсқа ақынның-хаты қысқа!..)
Сен менің көздерім бол...
Көк желкемде,
Қас дұшпан атпау үшін...қапылыста!..
Барады бұл сөзімнің арты алысқа,
Жауымнан оқ жегізбе...
Қалтарыста.
Аңқау басым у ішпей жақынымнан,
Дұшпаныммен өлейін арпалыста.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу