Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  65


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ӨЗІҢ ДЕП ӨТЕМ

Асқа да бардым сенiмен,
Тойға да бардым сенiмен.
Оқыдым өлең сен жәйлi,
Сахнаның шығып төрiнен.
Көгершiн болып аттанып,
Қыранға қайттым ұқсап мен.
Поездбен кетсем, (сақтанып),
Асығып қайттым ұшақпен.
Өзiңе келсем бақ табам,
Тұмарым сенсiң сақтаған.
Өзгеге барсам (жаңылып...),
Өзiң деп ендiм қақпадан!

Тауға да шықтым тасып кеп,
Оралдым таудан асып кеп.
Ортайып биiк таулардан,
Мен саған қайттым...ғашық боп!..
Ойласам сенi,жақсардым,
Сапардан жиi хат салдым.
Өзiңнен кетсем суалдым,
Өзiңнен қайта басталдым.
Көп сөздi қайтем шығындап,
Орманың болам шуылдап.
Бозторғайың боп өмiрден,
Өзiң деп өтем шырылдап!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу