Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  72


Автор: Қалбай Әбдіраманов

ӘКЕТЕМ СЕНI...

Әкетем сенi теңiзге,
Қашамын алып тауларға.
Көрсетпей сенi Қодарға,
Көрсетпей сенi жауларға!..
Шақырар менi көк теңiз,
Теңiзде сенсiз неғылам,
Құтқарғым келер тек сенi,
Қодардың мiрдей оғынан!
Шақырар менi ақ шағыл,
Қайтемiн бiрақ төбенi!..
Жұлқиды менiң қолымнан,
Жiгiттiк шақтың өлеңi.
Шақырған бүгiн жерлер көп,
Мен оған бүгiн бармаймын.
Көзiңе сенiң телмеңдеп,
Мәжнүн боп жүрген Қалбаймын!
Шақырған менi төрлер көп,
Ертеңге оны қалдырам.
Аяғына теуiп өтемiн,
Жiгiттi көрсем қалғыған...
Армандап қайтем биiктi,
Төрiңнен қымбат босағаң.
Қазiр мен көздеп киiктi,
Ататын кезiм...тасадан!
Армандап қайтем теңiздi,
Өзiңмен бiрге кешпесем.
Өрге ұшып ,қыран тәрiздi,
Жас жiгiттермен өштесем!
Армандап қайтем қайықты,
Өзiңмен бiрге жүзбесем.
Армандап қайтем Жайықты,
Ауылда күнде...жүздесем!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу