Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  112


Автор: Қалбай Әбдіраманов

Мен қазiр отыздамын...

Мен қазiр отыздамын,
Алдыма да, артыма да қараймын.
Алдымда бәрi деп жүрiп,
Соңымда қапты талай күн!..
Бұл жастың барын бiлмей,
Он бесте көп ойнадым.
Жиырма жасымда да,
Ерте ғой, деп ойладым.
Отыздамын мен бүгiн,
От-жалын көкiрегiм!..
Қазiр кесiп түспесем,
Ертең өкiнемiн!..
Қайралып алайын деп,
Басымды тiктiм бүгiн.
Сермелiп қалайын деп,
Қынымнан шықтым бүгiн!..
Семсермiн!..
Тат басып жатқан талайдан.
Сермеле қойсам – қиямын!..
Қайралып тасқа алған соң,
Қыныңа қалай сиямын!..
Бәйгеге шықса бiреулер,
Менiң де арқам қозады.
Батады менiң жаныма,
Бос өткен күннiң азары!..
...Қашанғы отырамын,
Тат басып...қынабымда!..
Жарқылдайын
Бауырымды жазып бiр,
Жастықтың шуағында!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу