Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  138


Автор: Оңайгүл Тұржан

ОТ ПЕН КӨБЕЛЕК

Төбесіне іліп айды аппақ,
Жаныма келді түн-пері,
Ошақтың оты ойнақтап,
Алқызыл шашын сілкеді.
Шапшиды түнге есіріп,
Мақтанып анау бұлаққа.
Қара түн үркіп,
Тесіліп,
Шегініп қарап тұр отқа.
Ұшады жынды көбелек,
Лаулаған отқа қонбаққа.
Таңдантып түнді керемет,
Лаулап бір ол да жанбаққа.
Ұшады-ай келіп қалбақтай,
Көрмейді-ау, сірә, жанар түк.
Шарқы ұрып жүрген қаңбақтай,
Жан дүниесін жоғалтып.
Тірлік қой ол да түймедей,
өмірге үнсіз келеді.
От көрсе,
қалар үймелей,
өртеніп сосын өледі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу