Өлеңдер ✍️

  25.07.2022
  73


Автор: Оңайгүл Тұржан

Биіктен төмен қарай қашқан еңіс...

Биіктен төмен қарай қашқан еңіс,
Қаптаған қызғалдаққа ашқан өріс.
Мәңгілік бостандықтан басы айналып,
Қаңғып жүрген бұлттарға аспан – өріс.
Сары құм
Жел бастаған айтаққа еріп,
Ұйытқи соғар өз күшін байқап көріп.
Бір-ақ рет берілген бұл өмірді,
Теңіз тұр «үріп ішіп, шайқап төгіп».
Теңіздің толқын үні күліп жатқан,
Құмға кеп су шашады ізің батқан.
Бесік боп балықтарын тербетеді,
Ащы суда
Тәтті өмір сүріп жатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу