Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  303


Автор: Рахат Қосбармақ

САУАП ПЕН ЖАУАП

Көкжиегін сезімнің
Көп тамшымен жуар Күн.
«Көргіш бол» деп, көзімді
Көк теңізге суардым.
Кеңіп кетті жер бірден,
Керемет күйге ендім мен...
...Сорлап қалған сол күні
Соқыр маңдай көрдім мен.
Аймалап бір арам дем,
Айрылдым бар әлден:
Жанарымды жұлып ап,
Жапсырып ем оған мен –
«Тер сасыған қолдарын
Тереңіме сұқты ол» деп,
«Тексіз неме, жоқ бол!» деп;
Қалғанымда жер сипап,
Қақ маңдайдан тепті ол кеп!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу