Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  164


Автор: Рахат Қосбармақ

ТЕКТІЛІК

Қасиетсізден хас таланттарға дарып дем,
Тексізден тентек туғанда,
Қасында, қалқам, болып па ең?!
Өзің-ақ айтшы, жарқыным, жарқырап тұрған асылды
Жаман қатынның жатырын жарып алып па ең?!
Айнала мынау әлемнен
Арсыздық пенен имандылықтың күресін,
Ажал мен арман айқасын көріп жүресің.
Тағы да келіп, таласасың-ау, жарқыным,
Тақырға талант тамыр жаймасын білесің.
Қанында қасиет жоқтардан, көңілі былық боқтардан –
Жаманнан жақсы тумайды!
Бір жақсы туып, бабаның баяғы кегін қумайды.
Түндейін тұнық, тіл-көзің тиер мөлдірге
У құйсаң, барлық ұлы сезімдеріңді улайды.
Апанда арлан тұншыққан – әруағын арыстан шақырса,
Ар жағында бар бір тектілік – аспандағы айға ол атылса.
Сенбеймін – егер
Махамбет бабам айтқандай,
Сенен де бір күн қарағай діңді қайсар ұл
Дүниеге келіп жатырса...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу