Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  113


Автор: Рахат Қосбармақ

ТАҢ

Көкжиектен күліп тағы атты таң,
Күн нұрынан сейілгендей көк тұман.
Алтын күннің шуағына шомылып,
Шалқар дала төсін кере жатты паң.
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір менің жанымдай,
Арайлап атқан таңымды-ай!
Осынау байтақ даланы
Тұрасың қалай сағынбай?!
Бар айнала тыныштықта мүлгіп тұр,
Бүкіл әлем сұлулықты жыр қып тұр.
Көк теңіздей көл-дария аспанның
Айдынына алғың келер сүңгіп бір.
Хас шебердің өрнегіндей сан қилы,
Қазбауыр бұлт көк жүзінде қалқиды.
Тамылжыған таңдарын-ай даланың,
Саф ауадан саумал исі аңқиды.
Таусылмасын, сарқылмасын арманым,
Қарай бердім, қарай бердім, қанбадым.
Атса таңың – тіршіліктің белгісі,
Ата берші, алтын арай таңдарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу