Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  432


Автор: Темір МЫҢЖАС

ӘНШІ ҚЫЗДЫҢ МОНОЛОГІ

Әні: Жалғас Кеңесовтікі
Жас жанымның жасытып жігерін сен,
Ән айтпауды жалынып тіледің сен.
Онсыз мендік тірліктің сәні бар ма?
Ән өмірім, сен егер біле білсең.
Қайырмасы:
Әншілік – арман
Жастық шақ – сайран.
Аяулы асылым ең,
Күтемін мен сені алдан. 2 рет.
Келді мені әнімнен бөлектегің,
Ән салмауға жүрегің көнед,- дедің.
Әнсіз өткен сағатым жылдай болып,
Шаң басты ғой көңілдің желектерін.
Қайырмасы.
Ойланар, ренжімей келер дедім,
Кірпік ілмей түндерде елеңдедім,
Өтті күндер, жаным-ау, оралмадың,
Көңілімнің ортайтып тереңдерін.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу