Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  78


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ақпанның қары қалыңдап...

Ақпанның қары қалыңдап,
Ауырлап қалды ауыл жақ.
Жып – жылтыр мұздың үстімен,
Жылжиды боран бауырлап.
Маңдайы жіпсіп мал баққан,
Мұртына мұз бен қар қатқан.
“Шәйт, шәйт” деп қойшы қояды,
Желге ығып кеткен қой жақтан.
Боранды күнге бөрі жақ,
Боранмен бірге азынап.
Баспалап келсе қыстақты,
Бақырып, шулар қозы, лақ.
Құйрығын қысып бұтына,
Ұшырап қыстың жұтына.
Маскүнем құсап мың төбет,
Бұйығар үйдің тұсына.
Ет те жоқ ептеп бір кесер,
Шопанның үйі күн де шөл.
Қап – қара шәугім ішінде,
Қара суы қайнар құр бекер.
Жалданып тапқан ақша да,
Жетпейді наннан басқаға.
Ызыңдап тұрған шәугімге,
Жас әйел қарар жасқана…
… Ойығы айдың оң қарап,
Танытты рас, оң қабақ.
Ауылға басын ауыртар,
Алайда бүгін қай қазақ…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу