Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  116


Автор: Төлеген Жанғалиев

Тауда жүрек болмайды, таста тамыр...

Тауда жүрек болмайды, таста тамыр,
Жап-жалаңаш қалатын жаппаса гүл.
Тастан басқа таянар тірегі жоқ
Тасжүрек боп журуден сақта тәңір!
Мамығымды, майсамды бергем елге,
Шартарапты шаң, тозаң кернегенде.
Елге деген ниетім қаз-қалпында,
Енді елуден асқанда өзгерем бе?!
Бояу құсап болмайды өзгеруге,
Байлығым да, барым да ел көзінде.
Ұлылардың рухы тиген шығар,
Ел сыйлардай іс болса еңбегімде.
Тіпті болмай жатса да өкінбеймін,
Күн сүйген асқар таудың бетіндеймін
Өз елімнің өңіне шаң қондырсам,
Өзімді өле-өлгенше кешірмеймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу